Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Басшысына ызаланып 50 жолаушыны өртеп жіберген қаскөй өлім жазасына кесілді

KAZAKBOL.COM
Өлім жазасы. Көрнекі фото kommersant.ru

Қытайдың Иньчуань қаласының Ма Юнпин есімді тұрғыны 50 жолаушысы бар автобусты өртеп жібергені үшін өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Shanghai Daily ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Автобустың өрт құшағына көмілуі нәтижесінде 18 адам қаза тауып, 32 адамды әртүрлі деңгейде күйік шалған. Қаныпезер мұндай қадамға жұмыс берушісіне назалануы салдарынан барған деседі.

ҚХР жоғарғы соты 28 қыркүйек, сәрсенбі күні Ма Юнпиннің берген апелляциясын қабылдаған жоқ. Ол орта инстанциядағы халық судьясы осының алдында шығарған өлім жазасы жөніндегі үкімді күшінде қалдырды.

Бұдан бұрын жұмыс берушісіне ренжіген құрылысшы Ма Юнпиннің 5 қаңтар күні жынын жанынан өтіп бара жатқан жолаушылар автобусынан алмақ болғаны хабарланған болатын.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM