Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері бөлімдерінің далалық жаттығулары басталды

KAZAKBOL.COM

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің маңайында және оқу-жаттығу полигондарында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері бөлімдерінің далалық жаттығулары басталды.

 

Ағымдағы жылдың 16 шілдесі мен 3 тамызы аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу полигондары мен тұрақты дислокациялану пункттерінің жанында әскери қызметшілер тәжірибе жүзінде РХБ барлау, техниканы дегазациялау және дезактивациялау, уланған аймақтардан өту, жылжымалы және жылжымайтын түтін шымылдығын жасау бойынша өздерінің арнайы машықтылығын арттырады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы полковник Әділ Махамбетовтың айтуы бойынша, «Далалық жаттығулар барысында РХБ барлау машиналары мен басқа да арнайы техникалар қолданылатын болады. Сонымен қоса, «Шмель» реактивті жаяу әскерлерінің оқ шашқышының атыстары жоспарланған. Шартты түрдегі уланған аймақтар анықталып, оларды залалсыздандыру бойынша арнайы іс-шаралар орындалып, жеке құрамның, әскери техниканың және қарудың арнайы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Оқу орындарында аэрозольді бүркеу, шартты қарсыластың нақты дәлдеу және барлау құралдарына қарсы тұру бойынша нормативтерден сынақ қабылданады.

Бүгінгі күні, Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің басты міндеті — қарсыластың жаппай жою қаруын қолдану салдарынан радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті төмендету, объектілердің қиратылу зардабы мен масштабын табу және бағалау, радиоактивті, улағыш, уытты заттар мен биологиялық құралдардан жеке құрамды қорғау, әскерлер мен объектілердің көрінуін төмендету болып табылады.

 

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM