Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің далалық шығуы басталды

KAZAKBOL.COM

Барлаушылар Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы 4 полигондарында  жауынгерлік даярлығын арттыруда.

 

Далалық шығу тұрақты орыннан жорыққа шығудан басталды. Әскери қызметшілер жауынгерлік міндеттерін орындауға «Қарабатан», «Бекет Ата», «Оймаша» және «Есет батыр» полигондарына шықты. Қашықтықтың жартысын техникамен өтсе, қалғанын — толық жабдық пен киім-кешекте жүріп өтті.

Командирлер бәрін ойластырған. Марш кезінде барлаушыларды құрылған тосқауыл мен зақымдалған аймақ секілді сынақтар күтіп тұрды. Басты мақсат – әскери барлаушыларға босаңсытпау, шыдамдылық мен батылдықтарын тексеру.

«Далалық шығу – бұл жас әскерилерге сұрапыл полигондық жағдай мен  алғашқы тәжірибелік оқулар болып табылатын жоспарлы іс-шара. Үйреніп қалған әскерилерге жиын өздерінің жауынгерлік және дене дайындықтарының деңгейін қалыпта ұстауға көмектеседі. Ал офицерлер болса шешім қабылдау, мақсатты айқындау және олардың орындалуын талап ету секілді командалық дағдыларды жетілдіреді»,- деді әскери бөлім командирі подполковник Есболат Нүрекешев.

Тәжірибе барысында қойылған міндеттерді толыққанды орындау үшін алдын ала құрылған шатырлы лагерь, шаруашылық жабдықталым пункты, далалық асхана жұмыс жасайды, ал барлаушылар жорық жағдайда өмір сүріп және міндеттерімен айналысады.

Үш апта кезінде тәжірибелі офицер-нұсқаушылар мыңдаған әскери барлаушылармен түрлі тәулік уақытында қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы 100 бірлігін падалана отырып, 100 — ден астам сағат тәжірибелік және теориялық сабақтарын өткізеді.

Жиын барысында әскери қызметшілер барлау шолғындардың құрамында шартты қарсыластың байланысын істен шығару, торуылдау мен шабуыл жасау тактикасы, барлау-іздеу жұмыстары мен барлау, навигация, байланыс пен бақылау жабдықтарының қазіргі заманғы түрлерімен таныстырылады. Сабақтар барысында оқ ату даярлығының жаңа жаттығуларға басты назар аударылады.

«Далалық шығу жағдайында материал жылдам әрі жақсы ұғынуға болады. Сонымен бірге, бірге қызмет атқарған кезде біз бір-бірімізді жақсы таный аламыз, бауыластығымыз артып, кіммен барлауға шығатынымызды білеміз»,- деп барлау ротасының командирі капитан Қуаныш Абуталипов атап өтті.

Барлаушылардың далалық жиыны барлау бөлімшелерімен бақылау сабақтары мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізумен аяқталады.

 

Анықтама. Барлау бөлімшесі – бұл өзін-өзі қамтамасыз ететін топ. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қарсыластың тылында бола тұра барлаушылар объектілерді миналауды, таныс емес жерде картамен жұмыс жасауды, радиостанцияны құрып және өз адамдарымен байланыс орнатуды, керек жағдайда жараланған жолдасына алғашқы медициналық көмек көрсетуді білулері керек. Сондықтан жиын барысында тактикалық, арнайы-тактикалық, оқ ату, инженерлік даярлықтың тәжірибелік және бақылау жаттығулары өткізіледі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасыныңбаспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM