Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Батыстың ірі инвесторы Өзбекстан үкіметін сотқа берді

KAZAKBOL.COM

Шетел инвесторларын тартуды көздейтін жаңа науқан бастаған Өзбекстан халықаралық төрелік сотта батыс компаниясымен соттасып жатыр. Бұл туралы Eurasianet басылымы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, президент Шавкат Мирзияев жүргізіп жатқан реформаларға қарамастан ірі халықаралық инвесторлар өзбек экономикасына капитал құюға асығар емес. Батыстың бір ірі инвесторы жақында халықаралық төрелік сотқа жүгініп, химия саласындағы бірлескен жобадағы дауды шешіп беруін сұрады.

Тау-кен өндірісі мен азаматтық құрылыс үшін жарылғыш заттар шығаратын Maxam испан компанисы наурызда Лондондағы сотқа арыз түсірді. Компанияның Өзбекстандағы химиялық өнімдер мен минералдық тыңайтқыш өндіретін Maxam-Chirchiq бірлескен кәсіпорынында үлесі бар. Оның мұндағы әріптесі — «Өзкимёсаноат» мемлекеттік компаниясы. Испан инвесторы келісім-шарт талаптары үнемі бұзылады дейді. Алайда нақты қандай шарттар екені әзірге белгісіз.

Басылым мәліметінше, Өзбекстан үкіметі мемлекет акцияларының шамамен 2 пайызын өзбек инвесторларына сату арқылы биыл 13 трлн сум немесе 1,1 млрд доллар табуға болады дейді. Алайда жақында өткен ашық аукционда мұндай мақсатқа жету оңай емес екені мәлім болды.

Сұраныс аз болуына байланысты листингті бірнеше мәрте кейінге қалдырған UzAuto Motors өткен айда акцияларының аз бөлігін ғана сатып, бар болғаны 5 миллион доллар тартты.

«Компания жоспарлағандай 90 млн доллар емес, шамамен 5 млн доллар ғана жиналды, соған қарамастан Өзбекстан тарихындағы елеулі оқиғаға айналды», — деп жазды Kursiv.kz.

Өзбекстан билігің жекешелендіру ісіне коронавирус індеті, Ресейдің Украина аумағына басып кіруі секілді факторлар да кері әсер етті.

Соған қарамастан өзбек шенеуніктері былтыр жекешелендіруден 11,3 триллион сум (993 миллион доллар), 2021 жылмен салыстырғанда он есе көп ақша түсті деп отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM