Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ – БАТЫР ТҰЛҒА (фото)

KAZAKBOL.COM

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктерімен,  айтқан нақыл сөздерімен таныстыра отырып жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында 44793 әскери бөлімінің жеке құрамымен бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Дарын Әділбаевтың бастауымен әдеби кеші өткізілді.

Әдеби кешке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілдері, 44793 әскери бөлімнің жеке құрамы, Шәкәрім атындағы №5 мектеп гимназиясының оқушылары, «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Серік Түсіпов қатысты.

Іс-шара барысында көрермендер Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасымен танысып, негізін қалаушы болып саналатын «Қазақ әскери әдебиеті» әдеби бағыттары туралы айтылды.

Сержант Кусманов Кумар, өз батальонын 27 рет шабуылға бастап, 5 рет қоршауды бұзып шыққан Бауыржан Момышұлын өзінің замандастары мен командирлерінің құрметіне иеленген әйгілі әскери қолбасшы жағынан таныстырды.

  • Ол батальонды басқарды, содан кейін дивизя командирі болды. Бүгінгі күнде оның әскери тактикасын Израильдегі, АҚШ-тағы әскери мектептерінде үйренуде. қаруымен бірге қаламын тастамаған Бауыржан, өзінің ең әйгілі шығармаларын соғыс жылдарында жазған. Оның бұл шығармалары көптеген елдерде жарық көрген, — деді старшина Кусманов Кумар.

Старшина Тынышгүл Ақайқызы Бауыржан Момышұлының «Ескертпе» атты өлеңіне музыка жазып, осы кеште алғаш рет орындап, көрермендерді тәмсандырды.

Әдеби кешті жүгізуші Бауыржан Момышұлының 1947 жылы Красноярскте әскери қызметін атқарып жатқанда жазған өлеңімен аяқтады:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»
Лицо героя – Бауыржан Момышулы
фото Пресс-службы регионального командования «Восток»

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM