Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Баян Есентаева өзіне қолдау білдірген халқына ризашылығын айтты

KAZAKBOL.COM
Фото: comode.kz

Соққыға жығылған Баян Есентаева өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғысын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Түнерген күннен кейін үнемі күн шығады! Мен оны әрқашан білгем! Күнді бұлтпен, найзағаймен, жаңбырмен жауып қоюға болады, алайда ол шын мәнісінде жарқыраса, шуағы міндетті түрде сыртқа шығады! Мен сіздердің дұға-тілектеріңізге, қолдауларыңызға, түсіністік танытқандарыңыз үшін, мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын! Менің бүкіл өмірім, үміттерім, армандарым, тек жарқын және жақсы сәттермен ғана байланысты болмақ! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында шығар, мен әлі де өмір сүргім келеді, сүйгім келеді!» — деп жазды Баян Есентаева өзінің желдегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелуде.

Есентаев өз кінәсін мойындады. Ол енді жеті жылға сотталуы мүмкін.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM