Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Байлығы 370 миллион долларға жеткен әлемдегі ең бай ит туралы не білеміз?

KAZAKBOL.COM

Фото: prosobak.com

Сіз әлемде адамдардан бөлек жан-жануарлардың да бай тұратынын білесіз бе? Егер естімеген болсаңыз, әлемдегі ең бай ит туралы қызықты деректерді massaget.kz порталы ұсынады.

1992 жылы неміс графині Карлотта Либенштейн өзінің неміс тұқымды итіне Гюнтер ІІІ деген ат береді. Тек атын атап қана қоймай, итіне бар байлығын қалдырады. Кейін бұл байлық талан-таражға түспей, Гюнтер IV-ке табысталады.

Бірнеше жыл өткен соң британияның «Сан» басылымы әлемдегі ең ең бай жануарлар туралы мақала жариялайды. Онда иелерінің байлығын иемденген жан-жануарлар тізімі сарапқа салынған.

Ал біз айтып отырған Гюнтер IV неміс тұқымды иті осы тізімнің көшін бастап тұрды.

Фото: prosobak.com

Оның сырт бейнесі мен тектілігі бағалау кезінде 100 миллион АҚШ долларына тең келген. Ал бұл – қомақты ақша. Сондықтан барлық БАҚ жарысып жаза бастады. Дегенмен ақылға қонымсыз ақшаны түрлі бағытта жаза бастаған газет беттері «бұл жай ғана жарнама үшін» деп сенімсіздік таныта бастады.

Бірақ 1999 жылы «ақсүйек» атанып кеткен Гюнтер IV жылжымайтын мүліктерді қорғау бойынша операцияға қатысып өзінің танымалдығын растайды. Ол ғана емес, ең бай ит әйгілі актер Сильвестер Сталлонға өзінің 25 миллион доллар тұратын сарайын сенім хаты арқылы беріп, әлемді дүр сілкіндіреді.

Гюнтер IV неміс тұқымды итінің ақшасы жыл сайын өсіп отырды. Соңғы есеп бойынша оның есеп шотындағы ақша 370 миллион долларға жеткен. 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM