Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бекман Сойлыбаев WBA-NABA USA белбеуін иеленді

KAZAKBOL.COM

Бекман Сойлыбаев Калифорния штатының Коста Меса қаласында мексикалық Мойзес Дельгадилломен кездесіп, жеңіске жетті

Бекман Сойлыбаев Калифорния штатының Коста Меса қаласында мексикалық Мойзес Дельгадилломен кездесіп, жеңіске жетті. Әрі WBA-NABA USA тұжырымы бойынша екінші жартылай салмақ дәрежесінде чемпион атанып, кәсіпқой бокстағы алғашқы белбеуіне қол жеткізді.

Diamond Ring боксшысы Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокс рингіндегі сегізінші жекпе-жегін өткізіп, бұл жолы да басымдық танытты. Оның осы жолғы қарсыласы Мойзес Дельгадилло да Мексиканың жанкешті жігіттеріне тән «таяқ өтпейтін» төзімді боксшы болып шықты. Әйтсе де, Бекман одан жылдам, одан ширақ қимылдап, басымдық танытты.

Бекман Сойлыбаев:

– Өте қызықты айқас болды. Қарсыласым өте шыдамды және табанды жігіт екен. «Таяқ жеп» жатса да, алға қарай ентелей береді. Ол алға жылжыған сайын қарсы шабуылдарыммен «күтіп алып» немесе бір жағына қарай ойысып кетіп, қойғыштаумен болдым. Соққыларымды діттеген жеріме тигізіп те отырдым. Ол сондай жылдам боксшы болмағанымен, қайтпайды екен. Соққылары да – әжептәуір пәрменді. Бірақ мен одан бұрын қимылдап, оңды-солды төмпештедім. Басынан да, бауырынан да ұрып, жіті қимылдадым. Жекпе-жектің аяғына дейін қарқынымды бәсеңсіткен жоқпын. Сегіз раундтық жекпе-жектерге бейімделіп қалғанымды сеземін.

Сөйтіп, Коста Меса төрінде аса тәжірибелі, 31-ші рет рингке шыққан Мойзес Дельгадиллоны жеңген Бекман кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы жарқын жеңістерін кезекті жетістігімен сабақтай түсті. Әзірше ол сегіз жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті – 8 – 0 – 0 (3KO)

 


KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM