Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Германияда дзюдодан алғашық жарыс күні Қазақстан құрамасы екі күміс иеленді

KAZAKBOL.COM

Жарысқа еліміздің ұлттық командасының бірінші құрамы қатысып жатыр

Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан «Grand Prix» жарысының алғашқы күні қазақ құрамасы үшін сәтті болды.

Елдос Сметов өз тобында литвалық Андрей Клоковты, Моңғолия өкілі Цогтбаатар Цендочирді, ресейлік Беслан Мудрановты жеңіп, жартылай финалда түркия балуаны Бекер Озлуға сан соқтырды. Ақтық кездесуде 60 келі салмақ дәрежесінде әлем рейтингісінің көшін бастап тұрған кәріс Ким Вон Джимен кездесті. Нәтижесінде Елдос есе жіберіп, күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Галбадрах Отгонцегцег алдымен тунистік Саоди Олфаны, одан кейін алаң иесі Менз Катринаны және өзінің басты қарсыласы есептелетін монғолдық Мунхбат Уранцегцегті жеңді. Финалға жолдама алу үшін кубалық Местре Альварес Даяристен басым түсті. Ақтық сында Астанада өткен әлем біріншілігінде алғашқы кездесуінде-ақ жеңілген, әлем чемпионатының қола жүлдегері кәріс қызы Джеонг Бо Кеонгпен осы жолы тағы жолықты, кездесу нәтижесі бойынша спортшымыз қосымша уақытта қарсыласына бір ескертумен жол беріп, күмісті місе тұтты.

Айта кетейік, жарысқа еліміздің ұлттық командасының бірінші құрамы қатысып жатыр. Алайда Максим Раков жарақатына байланысты байрақты бәсекеде бағын сынай алмайтын болды. Турнирге 86 елдің 546 спортшысы қатысуда. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орын алған дзюдошы 300, екінші орын иегері 180, қолаға қол жеткізген балуан 120 ұпайға ие болады. Сонымен қатар, бесінші орынға тұрақтаған спортшы 60, ал жетінші орынға жеткен балуанда шет қалмайды, 48 ұпай алады. Осының арқасында спотшылардың әлем рейтингіндегі орындары өзгеретіні сөзсіз.

baq.kz


KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM