Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Белгісіз дерт жұқтырған қызылордалық тұрғынның өлімі күмән туғызды

KAZAKBOL.COM

Емхана. Көрнекі сурет әлеуметтік желіден алынды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының 64 жастағы тұрғыны белгісіз дерттен көз жұмды. Аяқ астынан әлсіреп, дене қызуы көтерілген азаматқа ауылдық емханада алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген деп хабарлайды «Қазақстан» арнасы.

Жағдайы жақсармаған науқас аудандық ауруханаға жеткізілген. Аурудың белгілеріне қарап, дәрігерлер оған «қырым қанды безгегіне шалдыққан» деп диагноз қояды. Алайда зертханалық сынама-бұны жоққа шығарады. Сөйтіп науқас бірнеше күннің ішінде қайтыс болды.

Жалағаш ауданы Ақарық ауылының тұрғыны аудандық ауруханаға ауыр халде жеткізіледі. Ауру белгілеріне қарап, конго-қырым гемморагиялық қызбасына шалынды деген күдікпен қан талдамасы алынады. Бірақ, зертханалық сынама қорытындысы бойынша дәрігерлердің алдын ала қойған диагнозы расталмады.

«Қанын тексергенде таза болды, ешқандай вирус табылмаған. Қаны таза. Бұлар өздері диагнозын дұрыс таппаса да, кене шаққан деп соған қарсы емді қолдана берді, қолдана берді. Кене шақпаған ешқандай», — дейді марқұмның қызы Марина Дүйсенова.

Зертханалық сынама екінші мәрте тағы жасалды. Оның да нәтижесі теріс. Бірақ, дәрігерлер алғашқы диагноз бойынша ем-домды әрі қарай жалғастырған.

«Үйінде температура болды, сүйек сырқырады, ауырды, құсты, шамалы құсқанда аралас қан болды. Белгілеріне қарап, КГЛ-ға қарсы ем бастадық. Анализ 5 күннен кейін дайын болды. Теріс мәнді болғанымен осы ем жалғасын тапты, себебі, бұл аурудың емі осы. Қазіргі қойған диагнозы -лихорадка неясной этиологий», — дейді Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Әсия Бекбергенова.

Мамандардың айтуынша, қырым-қанды безгегі мен қызба дерті екі түрлі ауру болғанымен, емі бір. Дәрігерлер қайтыс болған азаматқа медициналық тұрғыда дұрыс жәрдем көрсеткенін айтады.

Науқаспен қарым-қатынаста болған 5 адам да ауруханаға жатқызылып, оқшауландырылды. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Олардан алынған зертханалық сараптама қорытындысы жақын арада белгілі болады.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM