Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде полицейлерге шабуыл жасады деп айыпталған екі тәжік азаматы бес жылға сотталуы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Мәскеуде полиция қызметкерлеріне қол салды деп айыпталған екі тәжікстандықты үш адвокат қорғайды. Ресей билігі 17 ақпанда 18 және 21 жастағы ағалы-інілі «Тульская» метро станциясында құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасағанын хабарлаған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан полиция өкілдерінің бір жігіттің қолын қайырып жатқанын көруге болады. Сол маңда олардың артқы жағынан бір жігіт жүгіріп келіп, полиция қызметкерлеріне қол көтергенін көруге болады.

Айыпталушы Саидакрам мен Умардың әкесі Расулжон Хамроев олардың кінәлі емес екенін, тек қорғануға мәжбүр болғанын айтты. Оның айтуынша, Тәжікстан елшілігі ағайындыларды қорғау үшін адвокат жалдап берген. Тәжік мигранттары тағы екі адвокаттың қызмет ақысын төлеген.

Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша тергеу комитеті ұсталғандардың бірі полиция бөлімшесіне барудан бас тартқанын, полицияға қарсылық көрсеткенін, екіншісі полиция өкілдеріне қол көтергенін жеткізді.

Тергеу кезінде Саидакрам «Олар сынған қолымды қайырған кезде, қолыңды тарт деп ғана айттым. Содан кейін бәрі жабылып кетті» деген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM