Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өскеменде жолаушы тасымалдаушы компаниялар бюджетке қыруар қаржы берешек болып отыр

KAZAKBOL.COM

Қазір бұл мекемелердің берешегі 4 жарым миллиард теңгеге жеткен.

Өскеменде қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қаладағы жолаушы тасымалдаумен айналысатын 6 ірі автопарктің соңғы жылдары қосымша құн және корпаративтік табыс салығын төлемей келгенін анықтады, — деп хабарлайды  Хабар 24 арнасы.

Қазір бұл мекемелердің берешегі 4 жарым миллиард теңгеге жеткен. Мамандар тасымалдаушы мекемелер қарыздарын өтемеген жағдайда есеп-шоттарына тұсау салынатынын ескертті.

Өскемендегі ірі автопарк басшылары қазір үрей құшағында жүр. Қаладағы негізгі бағыттарға қатынайтын жүздеген автобусы бар тасымалдаушы компаниялар банкрот болудың алдында тұр. Осындай бір автобус паркінің директоры Мұрат Қалеловтың айтуынша соңғы 5 жылда мемлекеттік баж салығын төлеу туралы міндет қойылмаған. Десекте бүгінге дейін төленбеген ол қарыз 1 миллиард теңгеге жеткен. Ал тасылдаушы компания болса, қаржылық қадағалау мекемесінің бұл есебімен мүлде келіспей отыр.

— Жолақысын немесе басқа да тарифті талқылау кезінде салық органдарының мамандары да қатысады. Сол кезде олардың тарапынан қосымша құн салығы мен коорпаратитік салықтан түсетін пайданы тарифке қосу туралы мүлде айтқан жоқ. Ал қала әкімдігі де қосымша табысты тарифке қосып есептеуді ескерткен, — дейді автобус паркінің директоры Мұрат Қалелов.
Тасымал тарифінен түсетін пайдаға байланысты салық органдарының назарына қазір 6 компания ілініп отыр. Кірістер департаментінің аудит мамандары автобус парктері басшыларының дұрыс қаржылық есептеулер жүргізе алмадық дегендеріне мүлде сенбейді. Олардың айтуынша қаладағы автопарктердің барлығы жолаушы тасымалдауда көліктерін жеке кәсіпкерлерге жалға беріп , тиыннан теңге сауып отыр. Салықты жеңілдетілген жолмен яғни жалпы табыстың 3 пайызын ғана төлейді.

— Салық міндеттемелерді айқындау нормалары, көлемдері табыс мөлшерін солардың бәрін қосып алғанда заң нормалары көп бұзылғаны анықталып отыр, — деді облыстық кірістер департаментінің бас маманы Нұргүл Омарбекова.
Жеке кәсіпкерлерді делдал ретінде жалға алмай жұмыс істеу автобус паріктеріне тиімсіз. Өйткені қазіргі салық заңнамасы бойынша тасымалдаушы компания жауапкершілгі шектеулі серіктестік ретінде тіркелсе жалпы табысының 20 пайызынан салық төлейді. Ал жеке кәсіпкер болса 3 ақ пайыз. Сондықтан заңнамадағы осы айырмашылықты жеңілдету үшін облыстағы кәсіпкерлер палатасы кірістер комитетіне хат жолдған.

— Біз өткен жылы ақпанның 5-де мемлектетік кірістер комитетіне тасымалдуашылар атынан шағым бергенміз. Бір жыл болды әлі жауап жоқ, Енді мәселе осылай созыла берсе салық органдары тасымалдаушы компаниялардың есепшоттарын бір жолата бұғыттап тастайды, — деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Щацкий.
Тасымалдаушы компаниялар салықтан жеңілдік жасалса мемлекеттен берілетін субсидиядан да бас тартып, тіпті жолақы бағасын бірқалыпты ұстауға болатынын айтып отыр. Ал автобус парктері мен өңірлік кірістер департаменті арасындағы 4,5 миллиард теңгеге қатысты салық дауына әлі нүкте қойылған жоқ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM