Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент-Ташкент жолаушылар автобусы күн сайын қатынайтын болады

KAZAKBOL.COM

Жалпы, жол жүру уақыты техникалық аялдамасыз 4 сағат.

5 қаңтар күні Шымкент-Ташкент халықаралық автобус бағдары ашылды. Аталған бағыт бойынша қалааралық жайлы автобустар сағат сайын күнделікті таңғы 6-дан 20:00-ге дейін жүреді, деп хабарлайды  Baq.kz.

Жалпы, жол жүру уақыты техникалық аялдамасыз 4 сағат. Автобустар, жолаушылар және қол жүгі кедендік тексеру мен шекаралық бақылаудан кезексіз өтеді.

Қазақстан жағынан KazNetworkBus ЖШС, ал Өзбекстан жағынан ManzaraTourism ЖШҚ тасымалдаушылары белгіленген.

2018 жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында кезең-кезеңмен тұрақты автобус қатынасы іске қосылады деп жоспарлануда.

Шымкент-Ташкент бағдары бойынша тұрақты халықаралық автокөлік тасымалын жасау рұқсаты 2017 жылдың 26 желтоқсанында берілді.

Айта кету керек, соңғы 17 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды тасымалдайтын автобус қатынаған жоқ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM