Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бердібек Сапарбаев имамдардың басқа ағымдағыларға сөзі өтпейтінін мойындады

KAZAKBOL.COM

Ақтөбедегі лаңкестік жағдай барлық имамдарды аяғынан тік тұрғызды. Аудан, ауыл имамдарының барлығы бір күнде облыс орталығына жиналды. Бас мүфти бастаған дін өкілдері «Қолымды мезгілінен кеш сермедім…» деген әңгіменің керін айтты деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Астанадан президент атынан келген Мұхтар Абрарұлы дін өкілдерінің елді аузына қарататындай сөзі өктем, өзі батыл болу керектігін ескертті.

«Біз 70 жыл дінсіз қоғамда өмір сүргенбіз. Сондықтан халықтың алдында батыл болу керек. Діни көсем сіздерсіздер, осы артықшылықтарыңызды үнемі пайдаланыңыздар. Қалай қоштасуды айтып тұрған кезде өзіміздің дінімізді айту керек. Ана жылы Атырауда әке-шешесінің зиратын түсіріп тастағандар туралы білеміз. Сондай болмау үшін үйрету керек. Құрметті ағайын, елбасы барлық жағдайды бақылауында ұстап отыр», — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Ақтөбе облысының әкімі Бас мүфтидің көзінше имамдардың сауатсыз екенін қынжыла айтты. Сенімді сөйлей алмай жүрген дін өкілдеріне күмәнмен қарады.

«Ең негізгі жұмыс Кеңқияқ, Шұбарши ауылдарында. Осында лаңкестік жасап жүрген жігіттердің көбісі жас балалар. Бүлік жасағандардың бәрі мешітке барды, бәрін сіздер білесіздер. Ақтөбе қаласының имамдары соны жасырады. Шынын айту керек, олармен дұрыс сөйлесе алмайды. Себебі сауат нашар. Мүмкін солардың алдында мен шынын айтсам, тәуелді ме деп қорқам. Егер солармен жұмыс болса, мынадай жағдай болмас еді»,-деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбелік имамдар өздерінен қателіктің кеткенін жоққа шығармады. Айыптарын мойындап, кешірім сұрады.

«Мен Қазақстанның облыстарын аралаған кезде имамдардың жағдайы қалай екен, тұрмысы қандай екен дегенді қарап жүремін. Қазақстанның барлық облыстарымен салыстырғанда әлеуметтік жағдай барынша жақсы шешілгені осы Ақтөбе өңірі», — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Мейілінше жағдайы жасалып жатқан Ақтөбе өңірінде имамдар тұрақтаған емес. Әсіресе, бақылауда отырған аудан имамдары «отбасы жағдайыма байланысты» деп тұра қашып жатады. Облыстың бас имамының өзі бір ай бұрын ауысқан. Осыған дейін отырған Нұрлан Байжігітұлы өңірдегі жағдайды ашып айта бастағанда бас имамдықтан алынды.

БАҚ өкілдеріне сұқбат берген Нұрлан қажы Ақтөбеде 2000-нан аса адасқандардың барын айтып, жаға ұстаған болатын. Ол мектеп оқушыларының өзі сақал қойып, теріс ағымға бой алдырғанын дабылмен айтқан еді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM