Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбелік имамдар байлар берген садақаны ысырап қылып, көліктерді қиратуда (фото)


Төлеби Оспан. Фото: gazeta.ru

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінің қызметкері «Мешіттегі жағдай қасқырға қой бақтырғанмен бірдей» деп, айтыла бермейтін жайттардың бетін ашты. Мешіт қызметкерінің айтуынша, имамдар байлардың берген садақаларын ысырап қылып отыр.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Нұр Ғасыр» мешітінде ауқатты адамдардан зекет жинау жұмысын атқаратын Дәмен Өмірбек өзінің де бас имамнан қысым көріп отырғанын айтып берді.

«Мен сотқа арыз түсірдім, басқа жол көріп тұрғаным жоқ. Бәріміздің мақсатымыз — елдің бірлігі. Ақтөбеге келіп жатқан имамдар арамызға іріткі салып жатыр. «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан 7 адамды жұмыстан шығарып жіберді. Ақшалары қысқартылған жұмысшылар еңбек инспекциясына арыз жазып еді, олар қудалауға ұшырады. Асханада жасайтын 4 әйелді шығарып, орнына басқа адамдарды әкелді. Бұл ешқандай адамгершілікке жатпайды. Пәтер жалдап, несие төлеп отырған жұмысшылар қаңғып қалды. 4 баласы бар әйел кетіп бара жатып қарғап кетті. Ол кісі ақшасын жеткізе алмай айлықты алдын ала алады екен. Оған да қараған жоқ», — дейді облыстағы зекет қорының өкілі Дәмен Өмірбек.

Бұл жарамсыз көлікті кезінде мешітке сыйға тартқан. Фото: NUR.KZ

Бас имам қайырымдылық қоры қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетсе, дастархан жасап, журналистер шақырып, дүркіретіп шығарып салуға уәде берген.

«Бас имам жұрттың көзінше «Сен маған ұнамайсың, арыз жазып кет, орныңа басқа адамдар келеді» деді. Оны бір журналистің көзінше айтты. Өзі байқамай қалды. Ол мені бала сияқты алдап отыр. Барлық журналисті шақырып, үстіңе шапан жауып, «Нұр Ғасыр» ішінде үлкен дастархан жайып шығарып саламын дейді. Ондай құрметке бөленетіндей мен кіммін? Өзім де кетер едім. «Сен маған ұнамайсың» дегені батып кетті, намыстандым. Мен атқаратын жұмысты басқа адамға беріп қойды. Ол мен баратын мекемелерге барып, мені жұмыс істемейді деп жүрген көрінеді. Ыңғайсыз жағдайда қалдым»,- дейді ол.

Зекет жинаушының айтуынша, имамдар демеушілерден мінген сұрауы жоқ машиналарды қиратып жатыр.

Мешітке берілген мына көлік те қазір жарамсыз. Фото: NUR.KZ

«Мешіттің ауласында үстерін қар басып 4 машина тұр. Қиратып, жарамсыз қылып қойды. Аманатқа қиянат жасап отыр. Жүріп жүрген машиналар тоқтады. Осының алдында бір жағдай болды. Әйтеке би ауданының имамы берген көлікті аударып, жарамсыз қылып тастады. Мешіттің ол машинасы қазір жоқ. Оған біз куәміз. Одан кейін тағы басқа машина берілді. Мешітте ысырап көп, оны түгендеп жатқан ешкім жоқ. Қойға қасқырда бақтырып отырғандай. Аударылған машина қайтып келген жоқ. Имам болған бала еліне кетіп қалды. Әйтеке би ауданының имамы Ақтөбеге наиб имам болып келді. Оған тағы машина беріп қойды. Оны кезінде 2011 жылы мешітке Сағындықов сыйлаған болатын. Сол машинаны да сындырып, жарамсыз қылып тастады»,- дейді Дәмен Өмірбек.

Қызметкердің айтуынша, мешіт ішінде алауыздық көп. Өзара түсінісе алмағандар соттасуға көшкен.

Ақтөбеде бас имамды сотқа бермекші. Фото: NUR.KZ

«Төлеби өзімен бірге 5 адам алып келді. Олардың бәріне айлық төленіп отыр, пәтерақысына дейін күлдей шығын. Ақтөбеде қаншама діндар адамдар бар. Оларды жұмысқа алмай отыр. Қазір мешіттегі ақсақалдардың бәрі тарап кетті. Таратып жіберді. Ақсақалдарды қуу деген ұят. Уахаб жолында жүргендермен сол ақсақалдар арқылы күреспейміз бе?! Қазір мешітте кілең жастар отыр, үлкендерді жолатпайды. Батаны ақсақалдар берсе әдемі емес пе?! Әрине батаның барлығы қабыл болады. Үлкен кісінің «Айналайын, бақытты бол!» деген сөзінен қуат аласың. Ал 20 жастағы жігіттің «Бақытты бол!» дегені басқаша естіледі»,-дейді ол.

Дәмен Өмірбек қызметкерлерге қысым көрсетіп отырған бас имамның үстінен сотқа арыз түсіргенін айтты. Осылайша, діни ахуалы күрделі саналатын аймақта имамдардың өзі қырықпышақ болып отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM