Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бердібек Сапарбаевтың қызметіне тәнті болғандар әкімге жүрек сыйлады (фото)

KAZAKBOL.COM

Президент күні мерекесінде Ақтөбе облысында бірнеше жаңа нысан ашылды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 25 отбасы жалға берілетін тұрғын үйден баспаналы болды. Пəтер кілтін облыс əкімі табыс етіп, жаңа қоныстарымен құттықтады.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Президент күні мерекесінде Ақтөбе облысында бірнеше жаңа нысан ашылды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 25 отбасы жалға берілетін тұрғын үйден баспаналы болды. Пəтер кілтін облыс əкімі табыс етіп, жаңа қоныстарымен құттықтады.

Əкім мереке күні қалалық мүгедектерді қолдау орталығының мүшелерін құттықтап, мүгедектерді тасуға арналған көлік сыйлады.

«Мекемелеріңізге «Өмір. Тағдыр. Шешім»деген жақсы сөз жазып қойыпсыздар. Адам қолынан келетін іспен еңбек ету керек. Тағдырды жеңе білгенде ғана жақсылыққа жетеміз. Біз бəрі жақсы, бəрін қатырып жатырмыз деп айта алмаймыз. Бірақ, мүмкіндігінше сіздерге қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының саясатын сіздер жақсы білесіздер. Бізде 20 мыңнан аса мүгедек бар», — деді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.

Қаладағы сал ауруларын қолдау орталығының басшысы Құралай Байменова 10 жыл бұрынғы Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбеге іссапарынан түсірілген суреттерді көрсетті. Облыс басшысы мүгедектер үшін арнайы салынған 40 пəтерлі тұрғын үйді аралап шықты.

Əкімнің акциясын жалғастырған ақтөбелік кəсіпкер мүгедек балаға компьютер тарту етті.

«Халықтың берген бағасы жоғары баға. Алла сізге қуат берсін! Мен ана ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіп жатқан көмектеріңізге алғыс айтамыз. Елбасының қасында сіз сияқты адамдар көп болу керек. Біз сіздердің көмектеріңіз арқылы Тəуелсіздікті сезініп отырмыз. Өзіне көрсетіліп жатқан көмекті сезінген балам қоғамдық жұмыстарға белсене араласады», — дейді ата-ана.

«Бізде қолөнер бұйымдарын тігетін адамдар бар. Сізге солардың қолынан шыққан жүрек сыйлаймыз. Жүректен артық не беруге болады?! Халықтың тілегін орындаушы еліміздің жүрегі болыңыз», -деді Құралай Бəйменова.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM