Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Берлинде жеңіл көлік көп адамды қағып, бір кісіні мерт қылды

KAZAKBOL.COM

Германия астанасы Берлинде көлік бір топ адамның ішіне кіріп кетті. Салдарынан бір мұғалім көз жұмып, 14 оқушы түрлі жарақат алған. Бұл туралы бүгін Би-би-си хабарлады.

Оқыс оқиға Берлиннің батысындағы Шарлоттенбург ауданында болған. Куәлердің сөзінше, сұр түсті Renault Clio көлігі алдымен тротуарда кетіп бара жатқан бір топ адамның арасына кіріп, кейін көшеге қайта шығып, жақын маңдағы дүкендердің біріне барып соғылған.

Зардап шеккен Гессен қаласының оқушылары Берлинде экскурсия жасап жүрген. Кей дерекке қарағанда, жарақат алғандар 30 адамға жетуі мүмкін, кейбірінің жағдайы өте ауыр.

Полицияның хабарлауынша, көлікті айдаған 29 жастағы Берлин тұрғыны ұсталған. Ол адамның Германия және Армения елдерінің азаматы екені анықталған. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM