Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Биринчи Радио» мен НТС Азаттық хабарларын таратуды тоқтатты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның «Биринчи Радио» НТРК және НТС телеканалы Азаттықтың теле- және радио хабарларын таратуды тоқтатты.

«Биринчи Радио» Азаттық хабарларын таратуды 23 қазаннан бері тоқтатқан. Себебі ресми жолданған хатта «спутниктен сигнал алатын құрылғы сынып қалды» делінген.

13 қарашада НТС телеканалы мен «Санжыра» радиосы да Азаттық хабарларын таратуды тоқтатқанын мәлімдеген. Алайда, себебін түсіндірмеген.

НТС телеканалының жетекшісі Айдай Ивакова 13 қараша күні кешкісін Азаттық редакциясына хабарласып, «билікпен мәселе шешілмейінше, Азаттық хабарларын тарата алмайтынын» жеткізген.

Азаттықтың таңертеңгі және кешкі хабарлары «Санжыра» радиосынан 2018 жылдан бері тарап тұрған. Сонымен бірге НТС телеканалы да Азаттықтың бағдарламаларын көрсетіп тұрған.

26 қазанда елдің ақпарат, мәдениет, спорт және хастар саясат министрлігі «Азаттық Медиа» сайтын екі айға жабу туралы шешім шығарды.

Азат Еуропа /Азаттық радиосының жетекшілігі мұны сөз бостандығын тұншықтыру, Қырғызстан демократиясын шектеу деп бағалады.

Бұдан бөлек Азаттықтың банктердегі есеп-шоттары да бұғатталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM