Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Бірінші емімізді балапандарымыздан бастайық

KAZAKBOL.COM

Құрметті оқырмандарым! Әртүрлі ой қозғадық, Жаңа жылды мейрамдадық. Енді басты байлық-денсаулық туралы дәстүрлі медицина емес, ғасырлар бойы келе жатқан халық медицинасынан алынған ем-шара туралы сөз айтайық. Естеріңізге сала кетейін, не ем қолдансаңыз да, өз емші дәрігеріңізбен кеңескеніңіз жөн. Көп айта беретін қытай емшілерінің өзі осыдан 3 мың жыл бұрын: «Сіздің жаныңызға шипа болатын дәрілерді жердің түбінен іздемеңіз, ол сіздің табаныңыздың астында жатыр»-депті. Ия, солай! Себебі, біздің ағзамыз жергілікті жеріміздің өсімдіктеріне, өзіміздің өсірген малымыз бен бау-бақша өнімдеріне үйренген. Оларды дұрыс пайдалана отырып, «жеген тағамымыз дәрі болсын, ал дәріміз ем болсын» деген қағиданы ұстанайық. Неге олай дейтінімізге түсінік бере кетейін, мысалы ең көп жейтін тағамымыз нан дейік, ал оның құрамында ағзаға ем болатын қаншама дәрумендер мен минералдар, ақуыздар, белоктар, майлар т.с.с бар екенін білесіздер, ет-сүт, көкөністер құрамында да сол сияқты.

Бірінші емімізді балапандарымыздан бастайық. Күннің көзі қырауда, қармен ойнап, мұзда сырғанап жүріп суық тигізіп алған баланың мұрны пысылдап, демалысы қиындап, су аға бастайды. Тез жазылу үшін жедел түрде мұрны мен тамағын ас тұзымен (физиологиялық ерітінді ) әрбір жарты сағат сайын тамағын шайқатып, мұрынға тамызып тұрыңыз. «С» дәруменіне бай итмұрын қайнатпасын көбірек қабылдап, кальцийге бай сүзбе жегені абзал (глюканат кальций). Баланың жағдайы 2 күнде қалпына келеді.

Осы біздің үнсіз достарымыз және көмекшілеріміз, ғажайып емшілеріміз бер дәрігерлеріміз, үй өсімдіктерінің пайдасына тоқтала кетейін.

Олар адамдарға ештеңемен алмастыра алмайтын таза ауа сыйлайды, ағзаға зиянды заттарды жұтып, шаңнан, шудан сақтайды. Олардың әсем гүлдері, керемет әртүрлі пішіндегі жапырақтары үйдің ішіне сән бере, ішкі экологияны жақсарта отырып, жанға жайлы әсер етіп, жүйке жүйесін тыныштандырыды. Олардық бесеуіне тоқталайын: Алоэ немесе столетник (жүзжылдық), қазтамақ (герань, немесе пелларгония), гибикус (қытай розасы), каланхое, немесе живое дерево (тірі ағаш), узамбарлық фиалка (шегіргүл, немесе көбекек гүл деп те атайды). Олардың шырынынан мұрынға тамызып, тамақ шайқаса тез жазылуға себін тигізеді. Олар туралы толығырақ білгіңіз келсе, хабарласыңыз, міндетті түрде жауа беремін. Әрбір қазақ менің жалғызым демекші, аман болыңыздар!


Рабига Сыргабаева

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM