Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өз ағзаңызды «алдаңыз»

KAZAKBOL.COM

1.Егер қолыңыз ұйып қалса… басыңызды оңға, соға бұрыңыз. Бір минутқа жетпей қолыңызға «жан» бітеді. Бұл қолыңыздағы  жағдай   көбінесе мойындағы жүйке талшықтарыңың қысылуынан болады.
2.Суық тиіп, тамағыңыз жыбырлап, қырнай бастаса құлағыңыздың сырғалығын уқалаңыз. Ол құлақтың жүйке талшықтарын белсенді етіп, өңештің  рефлексті түрде бұлшық еті қысылады, соның салдарынан тамақтағы жағымсыз әсер жеңілденеді.

3.Егер мұрныңыз бітіп қалса..тіліңізді таңдайыңызға жабыстырып тұрып, екі қасыңыздың ортасын қысыңыз, 20 секундтан кейін мұрыныңыз ашыла бастайды.
4.Түнде асқазаныңыз қыжылдап, қиналсаңыз..

 Сол жамбасыңызбен жатыңыз. Зерттеулер көрсеткендей адам асқазанға қышқылдың құйылғанынан азырақ азап шегеді.

5.Сіздің жаныңыздағы адамның не айтып отырғанын ести алмасаңыз… оған оң құлағыныңды бұрыңыз. Оң құлақ сөздің ырғағын жақсырақ қабылдайды. Егер жай шығып жатқан әуенді естігіңіз келсе әуен шыққан жаққа сол құлағыңызды бергеніңіз жөн, Музыка үнін жақсы қабылдайды.
6.Жүгіріп келгеннен кейін бүйіріңіз ауырса…

Сол аяғыңызды басқан кезде терең дем шығарыңыз.Адамдар көбінесе демін сыртқа шығарған кезде оң аяғымен жерді басады. Өз кезегінде  ол оң жақта жатқан  бауырға қысым жасайды, сол мезетте ол диафрагманы басып, оң жақ бүйірін ауыртады.
7.Мұрныңыздан қан кетсе…

Әдетте қан мұрын қуысының алдыңғы жағынан ағатындықтан, мұрын астындағы тістің қызыл иегін жақсылап қыссаңыз қан тоқтайды.

8.Егер саусағыңызды күйдіріп алсаңыз…. 

Екінші қолыңыздың таза саусағымен  күйген жерді басыңыз,сол кезде күйген жердің терісі  қалыпты температураға түсіп, ол жер күлдіреп қалмайды. Әрине, егер мұз бассаңыз ауырғанын тез басар, бірақ, күйген жердің күлдіреуі жиірек болады.
9.Жақын арада әжетхана жоқ,  ер азамат  кіші дәретке өте қатты барғысы келсе, секс туралы ойлауы керек, себебі, зәр шығыру мен секс үйлеспейді. Әжетханаға дейін шыдау жеңілірек болады.

  1. Егер сізге бірнәрсені жаттап алу қажет болса… Ұйықтар алдында ол тексті қайталаңыз. Сіздің миыңыз естеліктерді түсінде жайғастыратын болғандықтан,  жаттап алу мүмкіндік жоғарырақ.

 


Рабига Сыргабаева

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM