Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әзербайжан банкирі әйелінің 400 мың фунттық әшекей бұйымдары тәркіленді

KAZAKBOL.COM

Замира Гаджиева – «Әзербайжан халықаралық банк» ААҚ басқармасының бұрынғы басшысы, алаяқтық үшін 15 жылға сотталған Жахангир Гаджиевтің әйелі. Банкирдің әйелі Лондонның қымбат дүкендерінен бағалы әшекейлер сатып алуымен мәшһүр болған.

Британияның қылмысқа қарсы күрес ұлттық агенттігі сотта шамамен құны 400 мың фунт тұратын 50 әшекей бұйымды тәркілетуге күш салды. Олар Замира Гаджиеваға Christie’s аукцион үйінде әшекей заттарын бағалатып, сатуға шығаруға ұсыныс жасаған. Әңгіме 120 мың фунт стерлинг (156 мың доллар) тұратын сапфир мен рубиннен жасалған Boucheron және 20 мың фунт (26 мың доллар) тұратын Van Cleef & Arpels әшекей бұйымдары жайында.

Бұл әшекей бұйымдары NCA Замира Гаджиеваның байлықтарын тексере бастағаннан кейін, тәркіленді.

Жахангир Гаджиев – «Әзербайжан халықаралық банк» ААҚ басқармасының бұрынғы басшысы (2001-2015). Баку соты 2015 жылы банкирді банктен 138 млн доллар ұрлады деген айыппен 15 жылға соттаған. Гаджиев болса, кінәсін мойындамады.

Гаджиев ұсталғаннан кейін, оның әйелі «инвестор визасымен» Ұлыбританияға қашқан. Гаджиева Лондонда сән-салтанатпен өмір сүрген. Сотта ұсынылған құжаттарға сәйкес, Harrods қымбат дүкеніне 10 жылда 16 млн фунт стерлинг, оның ішінде бір күнде 150 мың фунт стерлинг жұмсаған. Банкирдің әйелі өте қымбат тұратын вино сатып алып, тек жеке ұшақпен ұшқан. Лондон орталығында тұратын қымбат үйде тұрған.

2018 жылдың ақпан айында Британияның қылмысқа қарсы күрес ұлттық агенттігі Замира Гаджиеваның Лондон орталығынан 22 млн фунт тұратын үйді қандай ақшаға алғанын тексеруді бастаған. Аталған агенттік сот арқылы оның күмәнді активтерінің бәрін бұғаттады.

Бұл іске қатысты сот процесі қазан айында басталған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM