Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкек соты Kaktus.media мен журналистен 1 млн сом өндіруге шешім шығарды

KAZAKBOL.COM

23 мамырда Бішкектің 1-май аудандық соты «Кешкі Бішкек» баспа үйінің шағымы негізінде Kaktus.media ақпарат сайтына шешім шығарды.

Kaktus.media сайтының хабарлауынша, судья Жылдыз Сайдылдаева шағымды жартылай қанағаттандырды. Сот Kaktus.media сайтында жарияланған мәліметті жалған деп танып, журналист Диля Родионовадан 500 мың сом, «ПроМедиа Плюс» (Kaktus.media құрылтайшысы) қоғамдық қорынан 500 мың сом (5700 доллар) өндіру жөнінде шешім шығарды.

Kaktus.media редакциясы шешімге шағымданатынын хабарлады.

13 ақпанда «Кешкі Бішкек» баспа үйі Kaktus.media ақпарат сайтының үстінен сотқа шағымданғаны мәлім болды. Арызданушы газет жабылып, қызметкерлер қысқартылғаны туралы мәліметті жоққа шығаруды талап етіп, Kaktus.media басылымынан 50 миллион сом өндіруді талап еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM