Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атырауда мұнай ұрлаумен айналысқан әйгілі қылмыстық топ қолға түсті

KAZAKBOL.COM

Мұнай. Көрнекі фото: ult.kz

Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан тағы бір қылмыстық топ қолға түсті. Бұл жолы олар Атырауда ұсталған.

Олар Теңіз кен орнынан ұрланған дизель отынын өзге компанияларға заңсыз сатуды жолға қойыпты. Ұрлықты бірлесе кәсіп етіп, пайда тауып келгендердің ұзын саны оншақты болғанымен, сұғанақтардың әзірге екеуі ғана ұсталған.

Күдіктілерден жалпы көлемі 200 тонна болатын мұнай өнімдері тәркіленген. Сондай-ақ, олардың заңға қайшы әрекет еткенін дәлелдейтін түрлі құжаттар да табылыпты.

Айта кетейік, мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтар бұған дейін Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ұсталған болатын.

КТК арнасы

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM