Нұрлан Ноғаев. Фото: nur.kz
Аймақ басшысының айтуынша, басшылардың жұмысты дұрыс жоспарламауының кесірінен аймақтағы 3 ауысымдық мектептер жойылмай тұр. Бұл туралы облыс әкімі бүгін, 7 ақпанда өткен жиналыста айтты.
“Жобаларды ертерек дайындау керек екенін басында бірден ескерттім. Бұл бағытта ешкім жұмыс істемеген. 3 ауысымдық мәселесін жою үшін мектеп салайын десек – дайын тұрған жоба жоқ, дәрігерлік амбулатория салайын десек – тағы жоба жоқ. Енді жоба деп тағы айлап жүресіздер. Салғырттықтарыңыздың кесірінен халық жапа шегіп отыр. Кейбір оқушылар мектепке автобуспен қатынап жүр. Олардың не кінәсі бар? Бұған кім жауап береді”, — деді аймақ басшысы осы салаға жауапты орынбасарларына.
Атырау қаласындағы №32 орта мектептің оқушылары. Фото: nur.kz
Айта кетелік, қазір облыстағы 194 мектептің тоғызы үш ауысыммен сабақ өткізіп отыр. Атырау облысындағы халық санының көбеюінен мектептерде орын жоқ. Соның салдарынан, оқушылар діттеген оқу орындарына автобуспен жеткізіліп жүр.
Фото: nur.kz
Аймақ басшысы бұл мәселені шешуді жылдамдатуға тапсырма берген соң, мектепке дейінгі білім беру орындарының жағдайына тоқталды. Ол балабақшалардағы кезекті жою үшін кәсіпкерлерді көптеп тарта түсу керек екендігін айтты.
KAZAKBOL.COM