Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қандағарда «оңтүстік Ауғанстан патшасы» өлтірілді

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанда содырлар шабуылынан беделді әскери жетекші, Қандағар провинциясы полициясының басшысы, генерал Абдул Раззак қаза тапты.

Белгісіз қарулы адамдар әкімшілік ғимаратын атқылаған. Ол жерде жергілікті билік пен құқық қорғау органдары өкілдері және шетелдік әскерилердің кездесуі өтіп жатқан. Жергілікті журналистер қарулы топ мылтықпен оқ жаудырды дейді.

Қандағар губернаторы Залмай Виса және аймақтың барлау басшысы Абдул Момин қаза тапқаны айтылады. Бірақ Кабул әлі ақпаратты растамады. Мұнан бөлек үш америкалық азамат жараланған.

The New York Times басылымының хабарлауынша, оқиға орнында Ауғанстандағы НАТО және АҚШ қарулы күштерінің қолбасшысы Остин Скотт Миллер болған. Атыс Ауғанстанда 20 қазанда өтетін парламент сайлауы қарсаңында болды.

Генерал Абдул Раззак 2011 жылдан бері Қандағар полициясын басқарып келді. Кейбір сарапшылар оны «оңтүстік Ауғанстан патшасы» деп атайды.

Генерал Абдул Раззак «Тәлибан» қозғалысы өкілдерімен бірнеше рет келіссөзге қатысқан. Ол соңғы рет жазда берген сұқбатында «Тәлибан» қозғалысының кейбір жетекшілері соғыстың аяқталып, бейбіт келісімге келгенін қалайды деп мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM