Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек әніне «пародия» жасаған Мақпал Жүнісова елді күлкіге қарық қылды (видео)

KAZAKBOL.COM

кадр из видео

Ел арасында танылғанына аз уақыт болғанымен, талай тыңдарманның жүрегін жаулап жүрген Қуандық Рахым Қарағанды қаласында 25 жасқа толуына орай арнайы кеш өткізді. Қуандықтың қуанышын бөлісуге жерлесі Мақпал Жүнісова, Тоқтар мен Бейбіт және Мөлдір Әуелбекова келген. Кеш барысында Мақпал Жүнісова әдемі әзілімен көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

Әнші Қуандықты жете танымай тұрып шымкенттің тумасы деп ойлағанын айтты.

«Мен Қуандықты Шымкенттің жігіті деп жүрсем, біздің жақтың жігіті екен. Сендер әлгі өзбекше бір әннен бастадыңдар ғой, сосын сол жақтың жігіті шығар деп ойладым», — деп ағынан жарылған Мақпал апай өзбек тілінен аударылған әнді әзіл араластырып орындады.

Желідегі парақшасына аталған видеоны жүктеген Мақпалдың қарапайымдылығына тәнті болғандар көп. Олар сүйікті әншілеріне тілектерін білдіріп, видеоны көріп күлкіге қарық болғандарын жеткізді.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM