Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкекте қатерлі ісік ауруымен ауыратындар митингке шықты

KAZAKBOL.COM

1 ақпанда Үкімет үйі алдына сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер наразылыққа шықты. Олар Қатерлі ісік және гематология Ұлттық орталығы жанындағы маммология бөлімшесінің жабылуына қарсы.

Әйелдер індетімен күресу қиын екенін жеткізіп, қымбат дәрілерді сатып алу үшін дүние мүлкін сатуға мәжбүр екенін айтады.

«Маммология бөлімшесінде тұрмысы төмен әйелдер емделетін. Кейбірінің тіптен жолға қаражаты болмайды. Ең жақсы дәрігерлер осында жұмыс істейді. Бұл орталықты жабуға болмайды», — дейді наразылық білдірушілердің бірі.

Ресми мәлімет бойынша, бүгінде сүт безінің қатерлі ісігі ауруымен үш мыңға жуық әйел тіркеуде тұр. Жыл сайын 400 адам қосылады.

«Мен бүгін Қатерлі ісік орталығына барып анализ тапсырдым. Онда кезекте тұрған адамдар өте көп. УЗИ-ге мені тек 17 ақпанға ғана жазды. Мұнда бәрі ақылы», — дейді әйелдердің бірі.

Бір ай бұрын әйелдер ел президенті мен денсаулық сақтау министріне қайрылып, маммология орталығын жаппауды сұраған.

Маммология орталығын қайта құру жөнінде былтыр жылдың соңында белгілі болған. Бұл идеяны қолдаушылар медицина саласын оңтайландыру қажет дейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM