Бішкекте «Ош» базары өртеніп жатыр. Азаттықтың Қырғыз редакциясының төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, өрт базардағы «Сейтек» дүкенінен шыққан.
Өртті бірнеше техника сөндіріп жатыр. Алғашқы өрт сөндіру бригадасы базарға жергілікті уақыт бойынша сағат 9:48-де жетті.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Өрт сөндірушілер ең алдымен өрт аумағын оқшаулауға талпынып жатыр.
«Азаттык» тілшісінің оқиға орнына хабарлауынша, тілсіз жау ондаған павильонға жайылған. Кәсіпкерлер тауарларын құртқарып қалғысы келеді, бірақ оларды милиция қызметкерлері жібермей тұр.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттен ешкім зардап шекпеген.
KAZAKBOL.COM