Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 9 мамырда Совет -Герман соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған митинг-реквиемге қатысты.
Мемлекет басшысы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқандарды еске алды.
«Бұл күні біз Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен және тылда еңбек еткен ата-бабаларымызды еске аламыз. Біз ардагерлер алдында басымызды иеміз. Олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз», – деді Садыр Жапаров.
Президент Совет-Герман соғысына 360 мыңнан астам қырғызстандық қатысқанын, олардың 150 мыңнан астамы жоғары мемлекеттік марапат алғанын, 77-сі Совет Одағының батыры атағын алғанын атап өтті.
Соғысқа аттанған 100 мыңға жуық қырғыз азаматынан ешқандай хабар болмаған, Із-түссіз жоғалғандар тізімінде.
1 сәуірдегі мәлімет бойынша Қырғызстанда 68 соғыс ардагері өмір сүріп жатыр.
KAZAKBOL.COM