Боранда Ақтөбе өңірінде қалып қойған 220-ге жуық өзбек және тәжік мигранттары мектептер пен мешітке уақытша орналастырылды.
Еңбек мигранттары автобуспен Мәскеу мен Самараға жол тартқан. Шымкент — Самара тас жолында боран соғып, олар Қарабұтақ елді мекеніне тоқтауға мәжбүр болған.
Қарабұтақ ауылындағы Тарас Шевченко атындағы мектеп директоры Жанаргүл Қуанышева спорт залды мигранттарға уақытша босатып бергенін, бұл оқушылардың сабағына кедергі келтірмейтінін айтты.
Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 24 ақпанда облыстың жеті ауданында боран соғып, мұзтайғақ болған. Қар көшкінінен 13 адам құтқарылған. Жолда қалып қойған 520 адам құтқарылған. Оларды жылы жерге көшірген. Арасында 136 Өзбекстан және 110 Тәжікстан азаматы бар.
23 ақпанда ауа-райының күрт өзгеруінен Ақтөбе облысының жолдары уақытша жабылды.
KAZAKBOL.COM