Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Былтыр 8 мың адам оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған

KAZAKBOL.COM

Былтыр 8 мың адам оңтүстіктен солтүстікке көшіп барды деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мекеме көшіп барғандар мемлекеттен көмек алғанын жеткізді.

«Мықты аймақтар — ел дамуының қозғаушысы» ұлттық жобасы аясында 7923 адам өз еркімен солтүстік аймаққа көшіп барды. Олардың арасында 1320 қандас және 6603 қоныс аударушы бар», — деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Қоныс аударушылардың арасында 3652 адам еңбекке бейімді деп танылған. Олардың 2811-і тұрақты жұмысқа орналасқан. 7622 адамға бір реттік көмек берілген. 5633 азаматтың баспана ақысы төленіп жатқаны айтылады.

Аталған Ұлттық жоба аясында мемлекет тарапынан төмендегідей көмек беріледі:

көшу үшін субсидия — Отбасының әрбір адамына 70 Айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік көмек;
Бір жыл көлемінде пәтер ақысы мен коммуналдық төлемдерді төлеу;
қысқа мерзімге кәсіби білім алуға жіберу;
жұмысқа орналасуға көмектесу немесе жеке кәсібін дамытуға қолдау көрсету.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM