Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Былтыр ресейліктер Орталық Азияға рекордтық деңгейде ақша аударған

KAZAKBOL.COM

2022 жылы ресейліктер көрші елдерге ақша жіберу жағынан рекорд жасады, деп хабарлады РБК. Сайт Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Армения және Қырғызстанға жіберілген ақша аударымдарының статистикасын зерттеген.

Былтыр ресейліктер Қазақстанға 775 млн доллардан астам қаражат жіберген. Бұл 2014 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Қазақстан Ұлттық банкінің статистикасы сол кезеңнен бергі аралықты ғана қамтиды. Былтырғы көрсеткіш – 2021 жылы республикаға жіберілген ақша көлемінен жеті есе көп.

Былтыр Ресей азаматтары Грузияға 2 млрд доллар жіберген. 2012 жылдан бері мұндай көрсеткіш тіркелмеген. 2021 жылы Ресейден Грузияға шамамен 411 млн доллар ақша жөнелтілген. Яғни, былтыр бес есе көп ақша аударылған.

Өзбекстанға жіберілген ақша көлемі – 14,5 млрд доллар. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Армения мен Қырғызстанның статистикасы әзірге жарияланбады. Былтыр қарашаға дейін Арменияға аударылған ақша көлемі 2021 жылмен салыстырғанда төрт есе көбейіп, 3 млрд доллардан асқаны айтылған. Қырғызстанға ресейліктер 2,5 млрд доллар жіберген. Бұл 2005 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Бірақ бұл 2021 жылмен салыстырғанда небәрі 6 пайызға көп.

Ақша аударымы көбеюінің басты себебі — ресейліктердің Украинадағы соғысқа байланысты өзге елдерге кетуі мен қыркүйекте жарияланған мобилизация, деп жазды РБК.

Ресей федералдық тергеу қызметінің соңғы мәліметіне қарағанда, былтыр шілде мен қыркүйек аралығында шетелге шамамен 10 млн Ресей азаматы кеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда миллион адамға көп. Ресейліктер негізінен виза талап етпейтін елдерге қоныс аударған. Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстанға барған ресейліктер саны соңғы бес жылдағы рекордты жаңартты деп жазды РБК.

Батыс санкциясынан кейін халықаралық төлем жүйелері Ресей нарығынан кеткен. Ресейліктер халықаралық банк карталарын рәсімдеу үшін өзге елдерге барды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM