Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сегіз жыл бірге тұрған танысы үйіне ұрлыққа түсті

KAZAKBOL.COM

Оқиға 2023 жылдың 19-ақпанында, сағат 11:19-да орын алған. Бұрын бір пәтерде сегіз жыл бірге тұрған танысы 580 000 (бес жүз сексен мың) теңгесін ұрлап кеткен.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 42 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, бұрын сегіз жыл бойы бірге тұрып, кейінгі екі жылдан бері бөлек кеткен танысы өзінде болған пәтердің екінші көшірме кілтін пайдаланып, заңсыз кіру арқылы шкафтың ішінде тұрған 580 000 (бес жүз сексен мың) теңгені ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 580 000 (бес жүз сексен мың) теңге.

Аталған жайт ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігінің 1)тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 35-те, жұмыссыз.

Қазіргі кезде ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Шымкент қаласы Полиция департаменінің Баспасөз қызметі.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM