Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Чикагодағы қырғызстандықтар Тәжікстанмен шекарадағы қарулы жанжалға байланысты БҰҰ-ға шағымданды

KAZAKBOL.COM

9 мамырда Чикагода (АҚШ) тұратын қырғызстандықтар акция ұйымдастырды. Олар БҰҰ-дан қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің жиналысын өткізуді сұрады.

Акцияға отызға жуық қырғызстандық қатысты. Олар бейбетшілікке үндейтін, агрессияны тоқтатуты талап еткен үндеулер жазылған плакаттар ұстап тұрды. Сонымен бірге олар халықаралық ұйымдардан жанжалдан зардап шеккендерге көмектесуін сұрады.

Бұл уақытта, Оңтүстік Кореяда тұратын қырғызстандықтар 10 мамырда Тәжікстанның Сеулдегі елшілігі алдында акция өткізді.

Олар қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы жанжалда бейбіт тұрғындардың қаза тапқанын айтты. Акцияға қатысушылар жанжалда қаза тапқан 12 жастағы Мадина Рахматжанова мен прапорщик Бекзод Юлдашевтің суреттерін ұстап тұрды.

Бұның алдында қырғызстандықтар Германияда, Италияда, Швейцарияда, Ұлыбританияда, Канадада және АҚШ-та акция өткізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM