Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Court News UK: Сот Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатып, ауруханаға жіберді

KAZAKBOL.COM

Соттар мен трибуналдардан хабар тарататын ұлыбританиялық Court News UK агенттігі 4 шілдеде Лондондағы Сауторк сотында Айсұлтан Назарбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өткенін хабарлады.

Соттар мен трибуналдардан хабар тарататын ұлыбританиялық Court News UK агенттігі 4 шілдеде Лондондағы Сауторк сотында Айсұлтан Назарбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өткенін хабарлады. Отырыста Айсұлтан Назарбаев «өзін суицидтен құтқарып қалған полицейді тістегенін» жоққа шығарды. Сайттың жазуынша, Назарбаевқа «полицейді жарақаттады және жекенің мүлкін бүлдірді» деген айып тағылған.

Агенттіктің хабарлауынша, судья Филип Бартл Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатып, қаладағы есірткіге тәуелділер емделетін Priory Group ауруханасына жіберген.

Court News UK сайты Назарбаев ісі бойынша негізгі сот «келер жылы 20 наурызда басталатынын» мәлімдеді. Court News UK агенттігінің дерегінше, Айсұлтан Назарбаев осы уақытқа дейін Лондонның оңтүстік-батысындағы Уандсворт түрмесінде отырған.

Сайттың хабарлауынша, «Назарбаев 5 маусымда полицей Росс Сэмбрукке шабуыл жасаған. Осы оқиғадан екі күн бұрын Назарбаев International Park Plaza Hotel қонақүйінде өзі тұрып жатқан нөмердің терезесіне шығып алып, секірмек болған. Осыдан кейін қонақ үйге полицейлер келген».

Агенттіктің жазуынша, 26 маусымдағы сот алдындағы тыңдауда прокурор Грегор МакКинли Айсұлтан Назарбаев Лондондағы Тависток көшесіндегі пәтерде полицейлермен жанжалдасып қалғанын, сол кезде бір офицерді тістеп алғанын айтқан.

4 шілдеде ресейлік «РосБизнесКонсалтинг» (РБК) агенттігі ұлыбританиялық басылымдарға сілтеме жасап, Лондондағы пәтерлердің бірінде Айсұлтан Назарбаев есімді адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жазды. РБК таратқан ақпарат бойынша, Назарбаев өзіне көмектеспек болған полицейді тістеп алған.

Ресейлік сайт «өз-өзіне қол салмақ болған» адам Қазақстанды 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның ұлы екенін жазған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM