Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

CPJ Нүкіс оқиғасы бойынша айыпталған журналистерді ақтауға шақырды

KAZAKBOL.COM

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) өзбек билігін Нүкістегі оқиғалар үшін сотталған қарақалпақстандық журналистерге шыққан айыптау үкімін жоюға шақырды. Бұл үндеу ұйымның Твиттер парақшасында жарияланды.

17 наурызда Бұхара облыстық соты Нүкістегі жаппай тәртіпсіздікке айыпталған 39 адамға үкім шығарған: 29 адам 5 жылдан 11 жылға еркінен ажыратылып, 11 адам сот залынан босатылған.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандардың арасында Әбділмәлік Қожаназаров пен Есімхан Қанатов секілді журналистер бар.

CPJ үкім шығардан бір күн бұрын мәлімдеме жасап, өзбек билігін журналистерді қуғындауды тоқтауға шақырған.

Нүкіс оқиғалары бойынша алғашқы сот отырысы 31 қаңтарда аяқталған. Онда 22 адам, оның ішінде бес журналист пен блогер сотталған. Наразылықты ұйымдастырушы деп журналист Дәулетмұрат Тәжімұратовты 16 жылға, онымен байланыста болды деген Бақтияр Қадырбергенов пен Сейдабулла Медетов 7 жылға бас бостандығынан айырылып, тәуелсіз “Макан.uz” басылымының негізін қалаушы Лолагүл Каллиханова мен «Ел қызметінде» басылымының редакторы Азамат Нуратдинов шартты түрде жазаға тартылды.

CPJ Өзбекстан ІІМ және бас прокуратураға электрондық хат жолдап, аталған журналистердің ісі бойынша пікір білдіруді сұраған.

Былтыр жазда Өзбекстан Конституциясының жаңа жобасына Қарақалпақстанның егемен мәртебесін алып тастау бабы енгізілгеннен кейін жергілікті тұрғындар жаппай наразылыққа шыққан.

Ресми мәлімет бойынша, Нүкіс оқиғасы кезінде 21 адам қайтыс болып, 243-сі жараланған. Оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлері жарақат алған. 500 адам ұсталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM