Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дереккөздер: Владимир Зеленский G7 саммитіне қатысу үшін Жапонияға барады

KAZAKBOL.COM

Украина президенті Владимир Зеленский «Жетілік тобы» саммитіне қатысу үшін Хиросима қаласына келеді. Бұл туралы Kyodo агенттігі, сонымен бірге The New York Times, The Washington Post және CNN ақпарат құралдары Жапония үкіметіндегі дерккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Reuters агенттігі болса мұндай мәліметті Еуроодақтағы дереккөзге сүйене отырып таратты.

Киев әзірге мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Зеленский кеңсесі президенттің сапарлауы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ «бәрі ұрыс алаңындағы жағдайға байланысты» болатынын ескертті.

Bloomberg мәліметінше, Зеленский Араб елдері лигасының Сауд Арабиясында өтетін саммитіне қатысқан соң АҚШ әуе күштерінің әскери ұшағымен Жапонияға жетеді. Жақында Украина президенті Италия, Германия, Франция және Ұлыбритания елдерін аралап, Киевке қару-жарақтың жаңа партиясын жеткізуге келіскен.

Зеленскийді Хиросимадағы саммитке Жапония премьер-министрі Фумио Кисида биыл наурызда Киевке келген уақытта шақырған. Жақында ғана Кисида Украина президенті саммитке онлайн-форматпен қатысады деген. Жапония сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Зеленский саммиттің жексенбідегі отырысына видеобайланыс көмегімен қосылады.

Украинадағы соғыс және Киевке Ресей басшылығына төтеп беру үшін көмектесу — дамыған жеті мемлекет басшысының кездесуінде талқыланатын мәселелердің бірі. Үш күндік саммит 19 мамырда Хиросима қаласында басталды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM