Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда сот шешімімен балаларынан ажыраған аналар араша сұрады (видео)

KAZAKBOL.COM

Алматы қаласында сот арқылы ажырасып, балалары әкесінде қалған ана сот әділдігін талап етті.

Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықтарды сақтау бюросы осы тәрізді сот шешімі елде үшеу екенін хабарлады. Үш әйелдің ісін де судья Саида Болат қараған. Ол балаларды әкесінде қалдыру туралы үкім шығарған.

Үш әйелдің біреуі — Анна Диденко өзінің тағдырын бюроға баяндап берді. Ажырасуға қатысты істен соң сот оның екі баласы Аннаның бұрынғы күйеуі Алексей Калиниченкомен тұрады дегене шешім шығарған. Бірақ Анна да, оның адвокаты да аудандық судья Саида Болат мұндай шешімді қандай негізде шығарғанына түсінбей отыр. Бұның алдында әкімшілік сот отағасының балалардың көзінде әйелін ұрғанын дәлелдеп берген.

Сотта ұтылған әйел балаға әкесі дұрыс қарай алмайды деп қорқады. «Менің күйеуі ұрып-соқты, балаларға психологиялық қысым көрсетті. Балалар енді сонымен бірге тұруға мәжбүр», — деді Анна Диденко. Оның кенже баласы аурушаң болып туған. Оған үнемі күтім қажет. Ана бұрынғы күйеуі баласына дұрыс қарай алмайды деп сескенеді.

Анастасия Медведик сот шешімінен соң қызының құқығын үшін күресіп жүр. Оның да ісін судья Саида Болат қараған. Оның бұрынғы күйеуі қызға операция жасату керек, содан кейін барып оны анасына беруге келісетінін айтқан. Бірақ қызға операция жасату қажет болмаған. Үшінші істің оқиғасын адвокат баяндап берді. Сотта жеңілген әйелдің өзі бюроға келе алмаған. Бірақ оның да тағжырын судья Саида Болат шешкен.

Тағдырлары ұқсас үш әйел бас прокуратура мен омбудсменнен судья Болаттың қызметіне ерекше назар аударуларын сұрады. Әйелдер бірге арызданып, құзырлы органдар сот әділдігін жүзеге асырады деп үміттенеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM