Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дінтанушы: Мешітте туған күнін жасаған Қарақатқа аянышпен қарадым

KAZAKBOL.COM

Фото Instagram желісінен алынды

Бүгінде Қарақаттың мешітте туған күнін жасағанына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылуда. Көптеген өнер адамдары оның бұл әрекетінде ешқандай сөкеттік жоқ деген мәндегі жазбалар жазса, кей пікір білдірушілер оны, керісінше, сынауда. Мәселен, танымал дінтанушы Мұрат Телібеков «Резонанс» басылымына жазған мақаласында Қарақаттың бұл әрекетін сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Бүгінде Қарақаттың орталық мешітте жасаған туған күні қызу талқыға түсуде. Мен елдің бұл оқиғаны талқыға салып жатқанына таңғалып отырмын. Біздің әртістердің мұндай әрекеттеріне етіміз үйреніп кеткен, оларға кешіріммен қарауымыз керек. Олардан не сұрауға болады?! Олар, менің түсінігімде, кішкентай бала сияқты.

Біздің әртістер қауымы Анджелина Джоли, Брэд Питт немесе Леонардо Ди Каприолардың деңгейіне жеткен жоқ. Отандық жұлдыздардың қайырымды істерінен мысал келтіре аласыз ба? Олардың біреуі жетімдер үйінен бала асырап алды ма? Немесе оларға түнейтін орын салып бере алды ма? Банкирлер, олигархтар, тіпті қылмыскерлердің мешіт салып бергенін білемін. Бірақ шоу бизнес өкілдерінен салып бергендерін білмеймін. Олар, бәлкім, мұндай қайырымдылық жасау үшін соншалықты бай емес шығар», — деп жазды ол.

Сонымен бірге, оның ойынша, мұндай әрекет Димаш Құдайбергеннің ғана қолынан келер еді.

«Әнші Қарақат мешітте балалар үйіндегі балалардың  туған күні жасап берсе, онда елдің барлығы оған тамсанар еді. Мен мешітте туған күнін өткізген бұл әншіні аяймын. Ол ең алдымен ата-анасына көлеңке түсірді», — деп өз пікірін білдірген ол Қарақатты аяйтынын айтты.

Бұдан бөлек Мұрат Телібеков мешіт басшыларын да сынады.

«Егер мешіт басшылығы туралы айтар болсам, имамдарды түсінуге болады. Біздің рухани үйіміз коммерциялық мекемелерге айналғалы қашан. Оларды сынға алудан аулақпын, себебі, оған көндігіп, қалыпты жағдай ретінде қабылдағанмын. Көптеген мешіттерде коммерциялық сауналар мен массаж жасау салондары болса, таңғалмаймын», — деп жазады Мұрат Телібеков.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM