Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дос Көшім: Жерді сату мен жалға берудің айырмасы шамалы

KAZAKBOL.COM
Дос Көшім. Фото: alashainasy.kz

Астанадағы Ұлттық музейде өткен Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия мүшесі Дос Көшім жерді сату мен жалға берудің арасында соншалықты айырмашылық жоқ екенін айтты, — деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Жерге қатысты үш мәселе бар: бірінші экономикалық тиімділік, екінші қазақ халқының менталитеті мен психологиясы, үшінші бұрынғы жер реформасының нәтижесі. Біз қазір Қапшағайдың жағасына барып суға түсе алмай, балық аулай алмай қалдық. Алакөлде, Балқашта да жағдай солай. Қабанбай, Бөгенбайлар тіріліп келсе де өздері қорғаған жерде өзі еркін жүре алмайтын еді. Бұл 2003 жылы жерге меншік енгеннің нәтижесінде болып отыр», — деді Дос Көшім.

Сонымен қатар, комиссия мүшесі жерді сату мен оны жалға беру арасында айырмашылықты түсіне алмай отырғанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, мұнда ешқандай та айырмашылық жоқ.

«Ешкім жерді меншіктеп алып кете алмайды. Билік те тартып ала алмайды. 49 жылға жалға берілсе, сосын тағы 49 жылға алуға болады. Бұл да мәңгілік деуге болады. Менің ойымша, осының өзі бір ғана термин секілді «сату» және «жалға алу» деген. Асып бара жатқан айырмашылық та жоқ», — деді Дос Көшім.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM