Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жерді жекеменшікке беру қазақ үшін жаңалық емес

KAZAKBOL.COM
Мұхтар Құл-Мұхаммед. Фото akorda.kz

Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысында «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тың мәлімдемесімен таңғалдырды.

«Жерді жекеменшікке беру бұл қазақ үшін жаңалық емес. Мұндай үрдіс ата-бабамызда болған емес деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақта көшіп-қонудың маршруты болған. Сондықтан жерді қазақстандықтарға сатуға да, жалға да беру керек. Бірақ шекті мөлшері болуы керек», — деп келтіреді Құл-Мұхаммедтің сөзін «Хабар» арнасы.

Оның айтуынша, Конституцияның 6-бабында: «Жер жекеменшікке де, мемлекет меншігінде де болуы керек деп жазылған».

Сондықтан кез келген шешім Конституцияға қайшы келетін болса, ондай заңның ешқандай да күші жоқ.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары: «Елбасы не үшін мораторий жариялап отыр. Мынау талқылап отырған заң жобасында шикіліктер көп. Соның бірінде «Қазақстан азаматтарына жерді жекеменшікке сатуға болады» делінген. Осы уақытқа дейінгі қолданылып отырған Кодексте жалға беру де, жекеменшікке беру де болған. Ал енді жалға бермейтін болсақ, қазір Қазақстан азаматтары: «Жерді шетелдікке жалға беруге болады», – дейді. «Қазақстандықтарға жерді жалға беруге болмайды», –дейді. «Сатып алуға болады», – дейді. Сондықтан қазақстандықтар үшін жалға да берілу керек, сатуға да берілу керек», — деді.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM