Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы мәжіліске түсті

KAZAKBOL.COM

Мәжіліс елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасын қарай бастады.

Заң жобасы авторларының айтуынша, құжат «активтерді анықтау және қайтару үшін қажет заңнамалық негіздер мен жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтарудың тетіктерін айқындауға» бағытталған.

Заң жобасы Бас прокуратура ішінен заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жеке ведомство құруды қарастырады. Ол осы саладағы уәкілетті орган міндетін атқарады. Бұған қоса, активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор мен басқару компаниясы құрылады. Аталған қорға байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берген қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қордың он шақты адамнан тұратын шағын болатынын айтты.

Заң жобасы аясында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сияқты жалпы саны 11 кодекс пен 13 заңға түзуту енгізілмек.

12 мамырда бас прокурор Берік Асылов елге қазірге дейін 760 млрд теңгеге жуық қаржы қайтарылғанын мәлімдеген.

Сәуір айында Transparency Kazakhstan қорының сарапшылары мәлімдемесінде Қазақстанда елден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару процесі ашық жүргізілмей отырғанын, процесс құпияланғанын жазған. Қордың сарапшылары активтерді қайтару процесі құпия бола берсе, олигархтар мен шикізат алпауыттары арасында «тиісуге болмайтын» адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, «заңмен құқығы мүлде шектелмеген» көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал деген қауіп айтқан.

Мәлімдеме авторлары Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен құрылған Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару комиссиясы қоғамға есеп бермейтініне және елден активтерді қайтару процесі құпияланғанына назар аударған. Ал бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сынға келіспей, «процесс ашық» деген.

Tax Justice Network ұйымының мәліметінше, кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорға шамамен 140–160 млрд доллар шығарылған. Кей сарапшылар заңсыз шығарылған ақша көлемі бұдан едәуір көп болуы мүмкін деп болжайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM