Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік жас спортшысы» атанды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы бойынша жерлесіміз, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік жас спортшысы» атағына ие болды. Ол сауалнама қорытындысы бойынша 4100 дауыс жинады.

Элизабет — әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР 4 дүркін чемпионы, қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының және VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Жақында, 25-28 қазанда Минскіде өткен халықаралық «ICE STAR» турнирінде Элизабет бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның әнұранын шырқатты. Ал 15-19 қараша аралығында

Франциядағы Гран-При жарысында екі бағдарлама бойынша 200 ұпаймен рекордтық көрсеткішке ие болды.

25 қарашада Шанхайда өткен «Shanghai Trophy» турнирінде жеке сырғанауда күміс жүлдені иеленді.

Сондай-ақ, ол биылғы жылы Хельсинкидегі әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет Кореяда өтетін Олимпиадаға екі лицензияны жеңіп алды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM