Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Эмомали Рахмон Қырғызстанмен шекарадағы жанжалда қаза тапқандардың отбасыларына екі аптадан соң көңіл айтты

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан президенті Қырғызстанмен шекарадағы жанжалға екі апта өткенде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Ораза айт мейрамы қарсаңында Эмомали Рахмон былай деді: «Тәжікстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасында бірнеше күн бұрынғы жанжалда қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Алладан сабыр мен күш-қуат тілеймін».

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыс 28-29 сәуірде болды. Тәжік билігі 6 мамырда ғана шекарадағы жанжалда 19 адам қаза тауып, 87 адам жараланғанын хабарлады.

Қырғыз жағының мәліметінше, шекарадағы жанжалда Қырғызстанның 189 азаматы жараланып, 36 адам қаза тапқан. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1-2 мамырды ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тәжік оппозициясының өкілдері президентті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтпағаны үшін сынаған.

Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекараны анықтау жұмысын 2002 жылы бастаған. Екі ел арасындағы 976 шақырымдық шекараның 504 шақырымының ғана мәртебесі анықталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM