Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Энергетика министрлігі: Алдағы үш айда сұйылтылған газ қымбаттайды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан сұйылтылған газды қымбаттатуға мәжбүр және алдағы үш ай ішінде газдың литрі 5-10 теңгеге қымбаттайды. Сәрсенбі күні үкіметтің кеңейтілген жиынынан кейін журналистерге энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлімдеді.

– Қазір [сұйылтылған газ] бағасы әр аймақта әртүрлі. Бастапқыда аса қатты қымбаттамайды деп ойлаймын – 5-10 теңге, одан артық емес. Бірақ кейін өзіндік құнын ақтайтындай бағаға шығамыз, – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, үкімет бәсекелестікті қорғау агенттігімен және депутаттармен бірлесе отырып, бірнеше жыл ішінде сұйылтылған газ бағасын кезең-кезеңмен нарық бағасына «сәйкестендіреді».

– Бәрі бағаға келіп тіреледі. Өзіндік құны литріне 70 теңге болса, қазір 50 теңгеден сатылып жатыр. Компаниялар шығынмен жұмыс істеп отыр. Салыстырып айтсақ, Ресейдегі газ бағасы 2 есе жоғары – 120 теңге. Тәжікстанда 177 теңге. Оларда баға шынымен нарық заңы бойынша қалыптасқан. Әлемдегі тәжірибеге қарасақ, газды артығымен өндіретін елдерде сұйылтылған газды көлік жанармайы ретінде пайдалануды ынталандыру үшін бензин бағасының 70 пайызы мөлшерінде баға белгілейді. Мұндайды ақылға қонымды экономикалық тетік деп қарауға болады, – деді Сәтқалиев.

Бұған дейін елде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин мен дизель қымбаттаған еді. 19 сәуірде үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жанармай бағасы туралы айтып, амалсыздан тарифті көтеруге тура келгенін меңзеген.

2022 жылы қаңтарда Жаңаөзенде жұрт сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылық білдіріп, мұны Қазақстанның басқа аймағы да қолдаған. Сұйытылған газ бағасына қарсылық кейін басқа да әлеуметтік талаптарға ұласқан. Артынша наразылық елде тәртіпсіздікке ұласып, Қаңтар оқиғасы кезінде кемі 238 адам қаза тапты. Кейбір сарапшылар «дағдарысқа қарсы тиімді шара қолдана алмаған билік наразылықтың артуына жол ашып отыр» деп есептейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM