Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЕРКЕКТЕР ЭВОЛЮЦИЯСЫ…

KAZAKBOL.COM

Қыздардан қылық кетті деп кейіп жүргенімізде, ер азаматтарымыз да ай қарап жатпаған сыңайлы. Әлеуметтік желіде ерлердің болмысына жат дүниелерден көз сүрінед. Жынысын ауыстырып алғандарды айтпағанда, бет бояуға бесаспап болып алғандары қаншама. Туа бітті табиғатынан тайқыған жігіттер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Иә, бұл күнде кей ер азаматтарымыз еркектік болмысынан адасып қалған тәрізді. Дарақылық пен даңғойлықтың көкесін солар көрсететін болды.

Қит етсе бәрін «заман өзгердіге» жабуға бейілміз. Ал, шынтуайтына келгенде заман қаз қалпында, уақыт та жүрісінен жаңылмай жылжып барады. Тек, өзгерген — адам ғана! Қыздарымыздан қылық кетті деп кейіп жүргенімізде, әйелдердің дүниесіне әуес еркектер көбейпі барады…

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, ҚОЛӨНЕРШІ: Ер адамдар бар, Сіз екеумізден жақсы боянатын. Ой құдайым-ай, қазақ даласында болмаған дүние. Мен түсінбеймін ондай ер азаматтарды. Ондай ер азаматтарды еркектердің өздері әкесін танытып, сабау керек деп ойлаймын. Еркекке еркектің жұдырығы тию керек сияқты».

Бір ғана жұдырықпен шешіле қоятын мәселе болса, жақсы ғой. «Бұл жүгенсіздікке мемлекеттік деңгейде тыйым салынбаса, одан да сорақысын көреміз» дейді Алдан Смайыл.

АЛДАН СМАЙЫЛ, ЖАЗУШЫ: «Дәстүрлі емес, сексуалды бағдар дейді оны. Оларды басқа елдердің арасына тарататын кәдімгі халықаралық ұйымдар бар. Мемлекеттік деңгейде тыйым салынбағаннан кейін ол таралады, ол сіңеді, онымен айналысатын, оған пейіл беретін адамдар бірте-бірте көбейе береді».

Көбейе де беретіні рас. Тіпті, қыздардан қалыспай шешініп жатқандары да жоқ емес. 19 жастағы модель жігіт Айсұлтан естеріңізде болар. Қазақтың шапанымен жартылай жалаңаш суретке түсіп, елді біраз шулатып еді ғой.

АЙСҰЛТАН, МОДЕЛЬ:
«Мұны біздің менталитетке қайшы ретінде түсіргенімді жасырмаймын. Шыны керек, шапанды біздер 22 наурызда, немесе тойға сый-сияпат беретін кезде еске түсіреміз. Басқа күндері шаң басып жатады. Неге біз оны басқаша насихаттамаймыз?».

Айсұлтан осылай деп ақталғанмен, көп көңілде «дық» қалды. «Ұлттық киімді жаһанға жартылай жалаңаш күйде жарнамалау, ақылға сыйымсыз» дейді қоғам белсендісі.

ЕРСЕЙІТ ӘЛІМОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: «Осындай адамның ақылына сыймайтын іс-әрекеттерге баратын жігіттерді тәртіп сақшылары бүкіл адамның әрекетін бақылайтын мемлекеттік органдар болсын, осындай әрекеттерді дереу кесіп алғандай қылып, апарып тәртіпке салып мойнына заңды түрде ақшалай басқа айтыптар тағатын болса, ол жігіт екінші рет ондай әрекеттерге бармайды».

Ер азаматтардың еркектік болмысын жоғалтып бара жатқанына бір жағынан әйелдер кінәлі екенні айтады қолөнерші Ырза Тұрсынзада. «Гендерлік теңдік» деп бар билікті өз қолына алғысы келетін кей
нәзік жандардың адуынды іс-қимылынан олардың рухы әлсірейді екен.

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, ҚОЛӨНЕРШІ:
«Қорқыныш үрейлеп тұр, менің денем деген түршігіп кетті. Ер азаматты тәрбиелейтін әйел адам. Ер азаматтың болмысын, рухын оятатын әйел адам. Әйел адамдар ер азаматтарды балағаттап кетті, намысын таптап кетті».

Әйелдерден әдеп кетіп, ерлердің табиғи болмыстан ажырап бара жатқанына асыл дініміз де дұрыс қарамайды.

НАРИМАН ЕРМЕКҰЛЫ, «НҰР-АСТАНА» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ: » Алла Тағала еркекті еркек қылып жаратты ма, еркек болуы шарт. Әйелді — әйел қылып. Еркек — әйел, әйел — еркек болам деген, ол үлкен күнә болып жазылады. Сондықтан мұндай нәрсеге, мұсылман, жалпы адам баласы жоламау керек. Жаны қаламау керек. Алланың алдында үлкен күнә болып, ертең тозаққа барады».

Әйелдер базардың, еркектер қазанның қасынан табылып жатқанына көзіміздің үйреніп кеткені сонша, бұл қалыпты жағдайға айналғандай. «Ер адамдардың ұсақталып, ірілігін жоғалтып бара жатқаны үлкен дерт. Мұның алдын алмаса салдары қиын болады» дейді мамандар.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM