Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Есірткі тасымалдаумен айналысқан Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

KAZAKBOL.COM

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 4 келіге жуық марихуана тасымалдаған ер адамды құрықтады.

Тергеу барысында күдікті Жамбыл облысынан Шымкент және Түркістан облысына есірткі тасымалдап жүргені анықталды.

Ұсталған азамат Шымкент қаласы ПД-нің Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 297- бабы “Есірткі, психотроптық заттарды,сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Заң бойынша бұл қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері есірткінің кез келген заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM