Еуроодақ Google компаниясына Еуропалық одақтың монополияға қарсы заң талаптарын бұзғаны үшін 5 млрд доллар айыппұл салды. Android операциялық жүйесі арқылы олар бәсекелестерін басып отырған дейді.
Google-ге заң бұзушылықты жою үшін 90 күн уақыт берген. Олай болмаған жағдайда, Alphabet бас компаниясының әлемдік айналымының 5 пайызы көлемінде қосымша айыппұл салуы мүмкін.
Google өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады, әрі айыппұл төлемеу үшін шағымданамыз деп отыр.
2017 жылы Еуропалық одақтың антимонополиялық реттеуші мекемесі Google-ге 2,4 млрд доллар көлемінде айыппұл салған. Ол кезде айыппұлдың көлемі рекордтық болып саналған. Екі жыл бұрын компанияны іздеу нәтижесіне Google Shopping мүддесі үшін манипуляция жасады деп айыптаған.
KAZAKBOL.COM