Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еуропалық кеңес президенті: ЕО Украинаға ауыр әскери техникаларды сатып алып береді

KAZAKBOL.COM

Еуропалық одақ Украинаға ауыр қарулы техникаларды тегін сатып алып береді. Осылай деп Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель «Европейская правда» газетіне берген сұқбатында айтты.

«Қауіпсіздік тұрғысынан бұл жөнінде көп жаңалық айтылмайды. Бірақ біз Украинаға қару жеткізуді міндетімізге аламыз», – деді Мишель.

Оның сөзінше, соғыс басталған екі айдың ішінде Еуропалық одақ European Peace Facility арқылы 1,5 млрд еуро бөлген.

«Ал ауыр әскери техника ЕО атынан қосымша көмек ретінде беріледі. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз, тағы да көмектесеміз», – деп атап өтті Мишель.

Әскери эксперт Игорь Грецкий «Настоящее Время» каналына берген сұқбатында Германия неліктен Киевке көмек бере алмай жатыр, оның орнына неліктен Орталық және Шығыс Еуропа көмектесіп жатыр деген сұраққа өзінің пікірін білдірген:

21 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қосымша 800 млн доллар бөлу жөнінде мәлімдеме жасауы тиіс еді, бірақ ол Украинаға қаржылай көмек көрсету жөніндегі президенттік мәртебесін барынша қолданғанын, енді тек Конгресстің рұқсаты керек екенін жеткізген.

Осыған дейін АҚШ, Ұлыбритания және Канада Украинаға Донбассты қорғау үшін әскери техникалар жіберуге уәде берген.

Германия канцлері Олаф Шольц Батыс лидерлерімен өткен видео конференциядан кейін Украинаға танкке қарсы қару, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын беретінін айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM