Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еуропарламент депутаттары Таулы Бадахшандағы наразылық күшпен басылғанын сынады

KAZAKBOL.COM

Еуропарламент депутаттары Тәжікстан билігінің Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы наразылықты басу кезінде оған қатысқандарды, журналистер мен белсенділерді қудалағанын сынады. Еуропарламент қарарын 7 шілдеде депутаттардың басым бөлігі қолдады.

16 мамырдан кейін Таулы Бадахшандағы Хорог қаласы мен Рушан ауданындағы жағдай қиындап кетті. Ресми мәлімет бойынша, Мургабтағы «терроризммен күрес операциясы» барысында 16 адам қаза болды. Жергілікті тұрғындар қырық шақты адам өлгенін айтып отыр.

Еуропарламент қарарында Таулы Бадахшанда «адам құқықтары саласындағы жағдай күрт нашарлағаны» айтылған. Депутаттар Тәжікстан үкіметінен ел азаматтарының бәріне қатысты құқықтарға кепіл болуын талап етті.

Тәжікстан билігінің Еуропарламент қарарына қатысты ұстанымы әзірге белгісіз. Бұның алдынад Душанбе наразылыққа шыққандарды «қылмыстық топтардың мүшелері», «билікке қарсы қарулы ұйымдар» деп сипаттаған.

Депутаттар тәжік билігінен қамаудағы белсенділер мен журналистерді тез арада босатуын талап етті. Қарарда Ульфатхоним Мамадшоева, Далери Имомали, Абдулло Гурбати, Манучехр Холикназаров, Фаромуз Иргашов, Хурсанд Мамадшоев, Чоршанбе Чоршанбиев пен Амриддин Аловатшоев қудалауға ұшырағаны айтылған.

Ресми мәлімет бойынша, Таулы Бадахшандағы арнайы операциядан соң 200-ден астам адам ұсталған. Олардың кейбірі 11 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айрылған. Олардың үстінен қозғалған істер бойынша соттар жабық өтті. Туыстарының айтуынша, сотталушыларға адвокат берілмеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM